28.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада арнаулы салық режимі бойынша мөлшерлемелер төмендетілді

|
Photo: Астана қаласы мәслихатынан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада арнаулы салық режимі бойынша мөлшерлемелер төмендетілді

|
Photo: Астана қаласы мәслихатынан

Бүгін Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясында жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемелері 3%-ға төмендетілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл шешім –  елордадағы шағын және орта бизнес субъектілеріне көрсетіліп отырған маңызды қолдау шараларының бірі.

Арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер үшін мөлшерлеменің төмендеуі олардың салық жүктемесін жеңілдетіп, жұмыс көлемін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инвестициялық белсенділікті арттыруға серпін береді.

Салық мөлшерлемелерінің 3%-ға төмендеуі AMANAT партиясы Астана қалалық мәслихат депутаттарының бастамасымен ұсынылып, қаладағы кәсіпкерлік орта өкілдерінің сұранысына тікелей жауап ретінде қабылданды.

«Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлер үшін тиімді әрі ашық орта қалыптастыру. Салықтық жүктемені төмендету – бизнесті қолдаудың нақты механизмі. Бұл шешім елордалық кәсіпкерлердің тынысын ашуға бағытталған», - деді Астана қаласы мәслихатындағы AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі Ғабит Тәжімұратов.

Бұл шешім – жергілікті атқарушы билік, халық қалаулылары мен қоғам арасындағы тиімді диалогтың жемісі.

«Бастама – әкімдік пен мәслихаттың, сондай-ақ AMANAT партиясының үйлесімді әрекетінің нәтижесі. Салықтық мөлшерлемелердің төмендеуі – кәсіпкерлерге деген сенімділіктің және қаладағы инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған нақты қадам», - деп атап өтті Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов.

AMANAT партиясы елордалық кәсіпкерлердің дамуына қолайлы жағдай қалыптастыру жолындағы жұмысты жалғастыра бермек.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗