08.12.2025
RU
Мәзір

Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

|
Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астанада күндіз қар тазалау жұмысына 1 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қала көшелерін қардан тазалау жұмысы үздіксіз жүріп жатыр.

8 желтоқсан күні таңертеңнен бастап елорданың алты ауданында үш мыңға жуық жол жұмысшысы мен мыңнан астам арнайы техника қар күреуге шықты.

Алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазартылады. Осыдан кейін қозғалыс қарқындылығы орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалау жұмысы жүргізіледі.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райында алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Бұған дейін елордада қар жауып, көктайғақ болатынын жазған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗