07.12.2025
RU
Мәзір

Чэнду – Алматы арасында тікелей әуе рейс ашылды

|
Чэнду – Алматы арасында тікелей әуе рейс ашылды
Фото: pexels.com

Air China желтоқсан айында Қытайдың Сычуань өлкесінің орталығы Чэнду қаласы мен Қазақстанның Алматы қаласы арасындағы тікелей халықаралық бағытын ресми түрде іске қосты, деп хабарлады Elordainfo.kz қытайлық «Халық газеті» басылымына сілтеме жасап.

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, аптасына барып-қайту бағыты бойынша екі рейс жұмыс жасайды. Бағыт ашылғаннан кейін Чэндудан Алматы халықаралық әуежайына дейінгі жол небәрі 3,5 сағат болады. Бұл транзиттік уақытпен салыстырғанда кемінде 7 сағат үнемдейді.

2017 жылы Сычуань өлкесі мен Алматы облысы дос өлке/облыс қарым-қатынасын орнату туралы келісімге қол қойған. Бұл Сычуаньның Орталық Азия елімен алғашқы «дос қала» қарым-қатынасын орнатуы еді.

Айта кету керек, соңғы жылдары Сычуань мен Қазақстан арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығы барған сайын жиілей түсті.

Естеріңізге сала кетейік, Париж қаласында өткен Қазақстан – Франция іскерлік кеңесінің отырысы және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі XXVI Үкіметаралық комиссияның мәжілісі кезінде екі ел арасындағы көлік байланысын жақсарту үшін Париж – Астана рейсін қайта ашу және Шымкент – Ницца бағыты бойынша әуе қатынасын іске қосу мәселелері қарастырылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗