08.12.2025
RU
Мәзір

Болашақ қорғаушылар: Ұлттық ұланда қызметтік иттердің жаңа буыны өсіп келеді

|
Болашақ қорғаушылар: Ұлттық ұланда қызметтік иттердің жаңа буыны өсіп келеді
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен

Құқықтық тәртіп әскерінде асыл тұқымды қызметтік иттердің саны артуда. Биылдың өзінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 6654 әскери бөліміндегі кинология орталығында асыл тұқымды 42 күшік дүниеге келді. Олардың ішінде бельгиялық, голландық және неміс овчаркалары бар. Бұл күшіктер ел тыныштығын күзету мақсатында жауынгерлік қызметке үйретілетін болады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері асыл тұқымды 12 күшік өзге әскери бөлімдерді толықтыруға жөнелтілді. Қазіргі уақытта кинология орталығында 30-ға жуық күшік бар.

- Алғашқы 45 күнде күшіктер енесінің сүтімен қоректенеді, кейін құрғақ азыққа көшіріледі. Одан соң оларды қоршаған ортаға бейімдеу жұмысы жүргізіледі. Үш ай толғанда түрлі кедергілер алаңына шығарылады. Бұл кезде олардың есту дағдысын дамыту маңызды, сондықтан әрқайсысына есім беріледі. Кейін «отыр», «тұр», «жат» секілді пәрмендер үйретіледі. Бұдан кейін тапсырмалар күрделеніп, иіс арқылы зат іздеу кезеңіне өтеді, - деді кинология орталығының офицері, майор Жантөре Мендиоразов.

Бүгінде Ұлттық ұлан қатарында мыңға жуық қызметтік ит бар. Тек биылғы 10 айда олардың көмегімен 120-дан астам құқықбұзушылық анықталған. Ал кинология орталығында өсіп жатқан қызметтік иттердің жаңа буыны сол тәжірибені жалғастырмақ.

Айта кетейік, күшіктерді күтіп-баптау ҚР ІІМ Ұлттық ұланында тұқымды асылдандыру жұмысын ұйымдастыру жөніндегі басшылық бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Бұған дейін «Детектив» иті тыйым салынған заттар қоймасын анықтауға көмектескен болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗