Перизат Қайрат сотқа апелляциялық шағым түсірді


Бұл ақпаратты Астана соттары баспасөз қызметі растады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Апелляциялық шағым түсті. Шағым түскен кезде судья оның дұрыс толтырылуын және мерзімінде берілгенін тексереді. Егер шағым Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сай болса, іс заңда белгіленген мерзімде Астана қаласының сотына жолданады. Іс апелляциялық сотқа түскеннен кейін өндірісқа қабылданса, бұл туралы қосымша хабарланады»,- делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқырды деп айыпталды.
Сот үкімімен Перизат Қайрат 10 жылға, Ғайни Алашбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.



