Перизат Қайраттың ісі сотқа жіберілді

фото: instagram.com/01pk
Бас прокуратура П. Қайратқа және Г.Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Аталған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқыруда айыпталады», - делінген хабарламада.
Айта кетелік, Перизат Қайрат ісіне қатысты танысу аяқталды, 109 том болатын іс прокуратураға жолданған еді. Жақында айыпталушының соты тікелей эфирде өтуі мүмкін екені де айтылды.
Ұқсас жаңалықтар

2 қазан, 2025
Air Astana танымал туристік бағыттар бойынша рейстер саны көбейетінін хабарлады

2 қазан, 2025
Отандық SCAT Airlines 2026 жылы көктемде Латвияға ұша бастайды

2 қазан, 2025
Су үнемдеу технологиялары пайдаланылатын егіс алқабының аумағы 86%-ға ұлғайды

2 қазан, 2025
Жасанды интеллект бейбіт мақсатта ғана қолданылуға тиіс – Президент