Қазақ газ өңдеу зауытының бұрынғы директоры сотталды

Фото: freepik
Маңғыстау облысы Жаңаөзен ауданының соты Қазақ газ өңдеу зауытының бұрынғы директоры Б. Байшуақовқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Агенттіктің ақпаратынша, Байшуақов кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукцион өткізбестен заңсыз сату және түскен қаражатты иемдену арқылы ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
«Ол 4 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды», делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:31
Астанада ер адам тірі ата-анасының «жаназасына» әріптестерінен ақша жинаған

15 қыркүйек, 2025
Ұлытау облысында мектеп бухгалтері 28 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

15 қыркүйек, 2025
Қарағанды облысында дизель отынын ұрлау әрекеті әшкереленді

15 қыркүйек, 2025
Семей орталығында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті