Биыл ҰБТ-ға 210 мыңнан астам талапкер қатысты – министр


Жоғары және жоғару оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 93 мыңнан астам грант бөлінді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге 210 мыңнан астам талапкер қатысты. Оның ішінде 160 адам немесе 76 пайызы шекті көрсеткішінен асыра балл жинады. Мемлекеттік білім гранттарының конкурсына 113 мыңға жуық өтінім берілді. Биыл жоғары және жоғару оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға (бакалавриат, магистратура, докторантура есептегенде) 93 мыңнан астам грант бөлінді. Оның ішінде 77 мыңнан астам грант жоғары білім алуы үшін бөлінді. Конкурс қорытыныдсы бойынша гранттар 99 пайыз көлемінде игерілді. Президенттің тапсырмаларына сәйкес студенттерді қолдаудың аясында 2020 жылмен салыстырғанда студенттердің стипендиясы 2 есе артты. Осы жылғы маңызды жаңалық – «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесі енгізілді. 134 мыңнан астам шот ашылды», - деді министр.



