00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Биыл 2 млн гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды

26 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Биыл 2 млн гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды
фото: ortcom.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті жалпы ауданы 2,8 млн. гектар аумақта 1748-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 2,2 млн.гектар аумақта жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1342 ұйғарым берілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұрын берілген нұсқамалар негізінде 311,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталды. 200,4 мың гектар алқапта пайдаланылмайтын жерлерді алып қою бойынша сот талқылаулары жүргізілуде.

«Жергілікті атқару органдары қабылдаған шешімдердің заңдылығын мемлекеттік бақылау шеңберінде 368,5 мың гектар алқапта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру туралы 875 заңсыз шешім анықталды, оның ішінде 84 шешім жойылды. Негізгі бұзушылықтар конкурстық рәсімдерді айналып өтуге және жалпыға ортақ пайдаланылатын жайылымдарды заңсыз бөлуге байланысты», деді Ауыл шарушылығы министрлігі.

Жыл басынан бері 2 млн. гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, бұл 2024 жылғы жоспарды мерзімінен бұрын орындауға мүмкіндік берді.