00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Оқушылар арасындағы республикалық «Ақберен» өнер байқауы аяқталды

20 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Оқушылар арасындағы республикалық «Ақберен» өнер байқауы аяқталды
Фото: «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығынан

XI республикалық «Ақберен» 8-11 (12) сынып оқушылары арасындағы өнер байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқушылар халық аспаптарын меңгеру шеберлігі, шешендік өнер, білім сайысы, эссе жазу, айтыскер ақындар сайысы, сондай-ақ поэзия байқауында бақ сынасты.

«Ақберен» – жыл сайын еліміздің ең шығармашыл және дарынды оқушыларының басын қосады. Бұл тек өнер жарысы ғана емес, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеудің, өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік берудің жарқын үлгісі», - деп атап өтті «Дарын» РҒПО директоры Гаждембек Тұрсынов.

Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша 66 қатысушы жеңіске жетті және олар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар «Ең үздік команда» номинациясында І дәрежелі дипломға Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары, Абай атындағы мектеп-интернаты ие болды. Сондай-ақ Павлодар облысы мен Астана қаласы ІІ орынды, ал Абай, Алматы және Жамбыл облыстары ІІІ орынды иеленді.

Атап өту керек, бүгінгі күні елімізде дарынды балалардың әлеуетін ашуға және қолдауға белсенді түрде жағдай жасалып келеді. Мәселен, зияткерлік олимпиада жеңімпаздарына білім гранттары беріледі, түрлі олимпиадалар мен байқаулар өткізіліп, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге қабылдауға квота бөлінеді, сондай-ақ халықаралық интеллектуалдық олимпиадалардың жеңімпаздарына біржолғы ақшалай сыйақы қарастырылған.