Арнайы мемлекеттік қорға қайтарылған активтерден 593,2 млрд теңге түсті

Бүгін, 14:34
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Арнайы мемлекеттік қорға қайтарылған активтерден 593,2 млрд теңге түсті
Фото: ОКҚ

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков мәлімдеді., деп хабарлайды Elordainfo.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

«Осы қордан еліміздің барлық өңірінде денсаулық сақтау, сумен жабдықтау, білім беру, спорт, көлік және энергетика салалары бойынша халық үшін және аймақтарды дамытуда маңызы зор 483 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба қаржыландырылды. Қаржының жалпы сомасы 553,7 млрд теңгені құрады», - деді спикер.