Астанада Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» КММ тегін қазақ тілі курсын ұйымдастырады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Өтініштер 1 шілдеден бастап қабылданады. Курс 3 тамыз күні басталады. Оқыту форматы: офлайн және онлайн. Сабақ аптасына 3 рет өтеді. Курс соңында арнайы сертификат табысталады.
Курсқа тіркелу мекенжайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 209-кабинет.
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма: 07:30-17:00.
Байланыс телефондары: +7 (7172) 24-90-52; +7 707 497 71 43.
Еске сала кетейік, Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталды.