Дүниежүзілік қан доноры күні: Астана көш бастап тұр

Бүгін, 17:51
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Дүниежүзілік қан доноры күні: Астана көш бастап тұр
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

14 маусым – Дүниежүзілік қан доноры күні. Қазақстанда жыл сайын 180 мыңнан астам адам донор атанып, 255 мыңнан астам қан тапсырады. Донорлар саны бойынша Астана, Алматы және Шымкент алдыңғы орында, деп хабарлайды Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

2025 жылы республикада 255 255 донация жасалып, 80 мыңнан астам пациентке қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік туды. Донорлардың арқасында күрделі операциялар жасалып, ауыр науқастардың өмірі сақталады.

50 реттен астам қан тапсырған құрметті донорлар Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы наградасымен марапатталды.

Заңға сәйкес, қан тапсырған қызметкер медициналық тексеруден өту және донорлық күні жұмыстан босатылып, орташа жалақысы сақталады.