Волейбол: Қазақстан әйелдер құрамасы AVC Ұлттар кубогының жартылай финалына шықты

Бүгін, 17:43
Думан Аманжол Думан Аманжол
Волейбол: Қазақстан әйелдер құрамасы AVC Ұлттар кубогының жартылай финалына шықты
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Филиппиннің Кандон қаласында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Топтық кезеңдегі соңғы матчта қазақстандық волейболшылар Вьетнам құрамасын 3:2 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан В тобындағы барлық кездесуде жеңіске жетіп, турнирдің жартылай финалына бірінші орынмен шықты.

Жартылай финалда ұлттық құрама А тобында екінші орын алған командамен кездесетін болады. 

Еске салсақ, волейболдан AVC Women’s Nations Cup турнирінде ел құрамасы үшінші жеңісіне қол жеткізген еді.