AVC Women’s Nations Cup: Қазақстан үшінші жеңісіне қол жеткізді

Бүгін, 17:28
Думан Аманжол Думан Аманжол
AVC Women’s Nations Cup: Қазақстан үшінші жеңісіне қол жеткізді
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Филиппиннің Кандон қаласында осы күндері әйелдер арасында AVC Women’s Nations Cup волейбол турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі үшінші матчын Иран құрамасына қарсы өткізді. Кездесу отандастарымыздың 3:1 есебімен (13:25, 25:20, 25:14, 25:18) жеңісімен аяқталды.

«Бұған дейін Қазақстан құрамасы Гонконгты (3:1) және Индонезияны (3:0) жеңді. Тоғыз ұпай жинаған біздің құрама В тобында бірінші орынға көтерілді», деп хабарлады ҰОК.

Енді қазақстандық волейболшылар Ливан және Вьетнам құрамаларымен кездесетін болады. 

Айта кетейік, А тобында Филиппин, Қытай Тайбэйі, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Өзбекстан және Аустралия құрамалары өнер көрсетуде.

Топтық кезең қорытындысы бойынша әр топтан үздік екі команда жартылай финалға жолдама алады.

Еске салсақ, ескек есуден Азия чемпионы атанған астаналық спортшылар елге оралды.