Азия чемпионы атанған астаналық спортшылар елге оралды

Бүгін, 14:59
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Азия чемпионы атанған астаналық спортшылар елге оралды
Фото: автор

Астаналық спортшылар Азия чемпионатынан олжалы оралды. Олар жасөспірімдер мен жастар арасындағы ескек есуден Азия чемпионы атанды. Жарыста жоғары нәтиже көрсеткен елордалық өрендерді ата-аналары салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары жалпы саны 5 алтын, 3 күміс медаль жеңіп алды. Жүлдегерлер қатарында Эвелина Костенко, Анастасия Прибыткова, Нұртілек Иман, Мадияр Канекен, Егор Краснонос және Юрий Горбов бар.

«Түркістан қаласында алғашқы рет Азия чемпионаты өтті. 15 мемлекетттен 300-ге жуық спортшы қатысты.

Ескек есу жарысына Астана қаласынан алты спортшы қатысып, жеңіс жалауын желбіретіп келді», - деді Астана қаласы әкімдігінің №4 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерев спорт мектебі КММ басшысы Мұхамедрахым Ибраев.

Еске сала кетейік, елордалық спортшылар Бакуде өтіп жатқан човганнан әлем чемпионатына қатысып жатыр.

Асантемір Қаршығаұлы