Өзбекстан әуе компаниясы Қазақстанға жаңа бағыт ашады
Өзбекстанның My Freighter (Сentrum Air) әуе компаниясы Ташкент – Қостанай жаңа әуе бағытын ашады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік әуе қатынастарының географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында жұмыс жүргізіп келеді.
«13 маусымынан бастап өзбекстандық My Freighter (Сentrum Air) әуе компаниясы Қазақстанға Ташкент – Қостанай жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отыр.
Рейстер аптасына 1 рет (сенбі күндері) Airbus 320 үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады», - делінген хабарламада.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.
Еске сала кетейік армениялық әуе компания Қазақстанға жаңа рейстер ашады.