Демеу Жадыраев Германия Гран-приінде алтын медаль жеңіп алды
Бүгін, 17:05


Фото: olympic.kz
Грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев 2025 жылғы алғашқы жарысын жеңіспен бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
35 жастағы балуан Дортмунд қаласында өткен Германия Гран-при турнирінде 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
Финалда Жадыраев венгриялық Роберт Фричті айқын басымдықпен ұтып, алтын медаль иеленді. Ал үшінші орынға ресейлік Исмаил Барахоев пен украиналық Артур Политаев тұрақтады.
Еске сала кетейік, 2024 жылы Демеу Жадыраев Парижде (Франция) өткен Олимпиада ойындарында сенсациялық нәтижеге қол жеткізіп, күміс жүлде жеңіп алған еді. Финалдық бәсекеде ол жапониялық Нао Кусакадан жеңілген болатын.
Ұқсас жаңалықтар

8 тамыз, 2025
Ролан Гаррос турнирі: Қазақстандық теннисшілер финалға жолдама алды

8 тамыз, 2025
Президент кубогы: Әмір Омарханов жартылай финалға жолдама алды

7 тамыз, 2025
Конференция лигасы: «Лозанна» мен «Астана» ойынын қайдан көруге болады

7 тамыз, 2025
Kazakhstan Open: Астанада өтетін турнирге 750-ден астам таеквондошы қатысады