Бокстан Азия чемпионаты: 5 қазақстандық спортшы финалға шықты


Таиландтың Бангкок қаласында жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бүгін 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында жартылай финал жекпе-жектері өтті.
60 келіге дейінгі салмақта Нұрислам Қалдыбаев бутандық Дечен Дорджиді мерзімінен бұрын жеңіп, финалға шықты.
65 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Илья Калинин филиппиндік қарсыласы Марк Эшли Фаджардоның жарыстан бас тартуына байланысты ақтық сынға өтті.
70 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Мұрсал малайзиялық Мухаммад Арифпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде жеңіске жетті.
80 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Санжарәлі Бегалиев Үндістан өкілі Анкуштан басым түсті.
90 келіге дейінгі салмақта Темірлан Мұқатаев оңтүстіккореялық Ячан Мунды мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша финалға шықты.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионатының финалы 11 тамызда өтеді.



