Қазақстандық теннисшілер «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты

Фото: ktf.kz
Алматыдағы Gorky Tennis Park корттарында Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia іріктеу турнирі жалғасуда, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарыс Қазақстан теннис федерациясы мен Азия теннис федерациясының қолдауымен өтіп жатыр.
Қазақстан атынан қатысып жатқан жас теннисшілер – Родион Трайгель, Аңсар Ниетқалиев, Мансұр Саинов, Еркежан Жанатаева, Каролина Лигай, Алисса Королева, Гаухар Ақтан және Адия Омарбек өз топтарында екі ойында жеңіске жетіп, ширек финалға мерзімінен бұрын жолдама алды.
Айта кетейік, бүгін топтық кезеңнің соңғы матчтары өтеді. Оның қорытындысы бойынша ширек финалға жолдама алған барлық ойыншылар белгілі болады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:02
Сумо аңызы Хакухо Се Астанада шеберлік сабағын өткізді

23 қыркүйек, 2025
Қарулы күштер қызметкері армрестлингтен әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

23 қыркүйек, 2025
Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Италияға қарсы кездесу өткізеді

23 қыркүйек, 2025
Қазақстан семсерлесуден Азия кубогында екі алтын медаль жеңіп алды