«Жыл тойы»: Ерболат Жанабылов 12 жылдан кейін әйеліне дүркіретіп той жасап берді


Астаналық танымал блогер Ерболат Жанабылов әйелі Эльмира Төлегеноваға көптен күткен үйлену тойын жасап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Желі жұлдыздары 12 жыл күткен тойға танымал блогерлер қатысты. Ал әншілерден Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінісов, Тұрар Ыдырыс, Ninety one тобы, тіпті ресейлік Мот есімімен танымал Матвей Мельников те бой көрсетті.
«Ерболат менің - ақ көйлек кию туралы арманымды арада 12 жыл өтсе де орындағанына қуаныштымын. Бұл – әрбір қыз бен әйелдің арманы»,- деп жазды блогердің әйелі Эльмира Төлегенова.
Желі қолданушылары тойға қатысты өз пікірлерін білдіріп жатыр.
«Бақытты болыңыздар», «Ештен кеш жақсы», «Біз де ақ көйлек киген жоқпыз, жұғысты болсын», «Той емес, ертегі сияқты», «Жұғысты болсын осындай той», «Жыл тойы», «Қызықтың ерте-кеші жоқ», «Енді қызды болыңдар», «Тойда болғандай қарап отырмыз», «Өмірлік жолдас табудан адаспаған екен»,- деп жазуда блогерлердің оқырмандары.



