«Ұяттан жұрдай екен»: Журналист Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне қарсы шықты


Белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзінің Facebook парақшасында 10 тамыз күні Алматыда жоспарланған америкалық әнші Дженнифер Лопестің концертіне қарсы пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол концерттің Абайдың туған күніне дәл келуіне қарсы болып, Дженнифер Лопестің ЛГБТ қауымдастығын қолдайтынын жазған.
«Ел сенетін депутаттар деп өздеріңізге айтамыз. Абайдың туған күнінде болатын Алматыдағы ЛГБТ-шы женішайтанның концертін тоқтатыңыздар. Анау ұйымдастырушы мәңгүрт сатқындардан халықтың көкейіндегі сауалдарға жауап, есеп алыңыздар», – деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.
Журналистің бұл пікіріне желі қолданушыларының басым бөлігі қолдау білдірді.
«Біздікілерге денесінің жартысын көрсетіп, Египетте көйлекпен шыққан. Бұл — елді мазақ қылғаны», «Абай атамызды мазақ қылғаны ма?», «Дұрыс айттыңыз! Ұяттан жұрдай екен», «Лопестің концертіне кеткен қаржы жетім балаларға берілсе, жөн болар еді», «Мұндай концерттерге рұқсат беретін шенеуніктер жауапкершілікке тартылуы керек», – деп жазуда олар.
Сара Қамзаева



