TORE SHOW: Әнші Төреғали Төрәлі шоу-бағдарламаның тізгінін ұстап, жаңа қырынан танылды

21 шілде, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
TORE SHOW: Әнші Төреғали Төрәлі шоу-бағдарламаның тізгінін ұстап, жаңа қырынан танылды
Фото: Төреғали Төрәлі/Instagram

Әнші Төреғали Төрәлі әлеуметтік желіде TORE SHOW деп аталатын шоу-бағдарламасының тұсауы кесілгенін айтып сүйіншіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Көзді ашып-жұмғанша – алғашқы TORE SHOW өтті.

Бұл – менің шығармашылық жолымдағы жаңа белес, жаңа тыныс.

TORE SHOW – арманнан туған ақиқат.

Бірінші бағдарлама. Бірінші қонақ. Жүректің төрінен орын алған тұлға – Нұрлан имам.

Бұл кеш – жай ғана шоу емес, бұл – сырласу, бұл – өнердің салтанаты. Әсем зал, көрерменнің ыстық ықыласы, әуен мен әңгіме өрілген сәттер – бәрі жүректе жатталып қалды.

Біз енді әр бейсенбіде кездесеміз. Әр бейсенбі – жаңа оқиға, жаңа өнерпаз, жаңа арнау.

TORE SHOW – бұл көрерменмен шын байланыс.

TORE SHOW – әр қонақтың жан сырын ақтарған сәт.

TORE SHOW – сіз күткен бейсенбі», - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

«Жаңа қадамың құтты болсын!», «Сахнаның көркі ғой Төреш! Сымбатты, өнерлі, жарасымды әзілі де бар», «Төрешім, айналайын, Алла алғашқы мәнді бастамаңды – Нұрлан имаммен бастағаның өте орынды. Іске сәт!»деп жазды оқырмандар.