«Араққа емес, шайға қарсы»: Баян Мақсатқызы өзін сынаған имамға жауап берді

Бүгін, 11:33
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Араққа емес, шайға қарсы»: Баян Мақсатқызы өзін сынаған имамға жауап берді
фото: Іnstagram.com/daniyar_kenzheuly/bayanmaxatkyzy

Күні кеше дін өкілі Данияр Кенжеұлына Баян Алагөзованың жары Тұрсен Алагөзов шығаратын «Maxi чайды» ішпеуге шақырған еді. Оған продюсердің ислам діни туралы айтқан пікірі себеп болған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Баянның «қазақтар Ислам дінін қабылдамаған» деген сөзі жай ғана сауатсыздық емес, бүкіл ұлттың рухани тарихына қарсы жасалған соққы. Бір халықтың санасын мұқатуға, діни тұтастығын мазақ етуге бағытталған аса қауіпті мәлімдеме. Қазақ ежелден мұсылман. Бұл — шежіреден шегеленген ақиқат. «Мұсылман болмағансың» деу — тек дінді емес тарихты, рухты жоққа шығару. Егер жүректегі иман тірі болса, Баянның сөзі титтей де салмақ салып, жанды түршіктірсе — «Maxi чайды» ішпеңдер. Байкот жариялаңдар», – деп жазды Данияр Кенжеұлы. 

Продюсер Баян Мақсатқызы өзін сынаған имам Данияр Кенжеұлына жауап берді

«Тарихта бірінші рет! Имам араққа емес, шайға қарсы. Имам заң мен Конституцияға ренжіп қалды. Өйткені мен біздің елдің шариғат бойынша жүретін мемлекет емес екенін айттым», - деп жауап берді  продюсер желідегі парақшасында