Түркістанда көлік тізгіндеген жасөспірімнің әкесі жауапқа тартылды

Фото: видеодан скрин
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үй ауласында жасөспірімнің автокөлік жүргізіп жүрген сәті түсірілген бейнежазбаға назар аударды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тексеру нәтижесінде патрульдік полиция қызметкерлері 40 жастағы жергілікті тұрғынның Hyundai Accent автокөлігін басқаруды жүргізуші куәлігі жоқ ұлына сеніп тапсырғанын анықтады.
Ер адамның әрекетіне заң аясында шара қолданылып, көлік айыптұрағына қойылды.
Полиция көлікті жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға басқаруға беру заң бұзушылық екенін және оның ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар

10 қазан, 2025
Үйіне қайтарып жіберген: Жамбыл облысында 6 жасар қыз көз жұмды

10 қазан, 2025
Екібастұзда ішімдік ішкен 3 ер адам мен 3 әйел ажал құшты

10 қазан, 2025
Астанада полиция жасөспірімді ұрып-соғып қашып кеткендерді іздестіріп жатыр

9 қазан, 2025
Ерболат пен Эльмира Жанабыловаларға қатысты сот қорытындысы өзгеріссіз қалдырылды