Ұлытауда полиция тұрғыннан синтетикалық есірткі тәркіледі


Ұлытау облысында полиция тұрғыннан синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі тарату бойынша қылмыстың жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 32 жастағы Сәтбаев қаласының азаматы ұсталды. Ұстау барысында және кейіннен тінту кезінде кондиционер қорабынан құрамында ұнтақ тәрізді және өсімдік тектес заттары бар үш түйіншек табылды. Бұдан басқа, күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде полицейлер құрамында ұнтақ тәрізді заттар бар тағы бес түйіншек, сондай-ақ бес электронды таразы, орау материалдары және оқшаулағыш таспаны тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 700 грамнан асатын синтетикалық есірткі болып шықты.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



