Астанада әйелді көліктің жүк салғышында тасымалдаған ер адам қамауға алынды


Instagram желісіндегі Astana_brothers парақшасында елорда көшелерінің бірінде ер адам жүксалғышта жатқан әйелмен сөйлесіп тұрған видео жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқиға 14 шілде күні «Сарыарқа» ауданында болған. Куәгерлердің жазуынша, олар аулада ұрсысып, әйел жүксалғышқа өзі мініп алған.
Бейнежазбада ер адамның жүксалғышта жатқан әйелмен сөйлесіп тұрғанын байқауға болады. Сосын жүксалғышты тарс жауып, көлікке мініп, кетіп қалады.
Елордалық «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасы аталған факті бойынша құқықбұзушының жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.
«Осы құқықбұзушылықты жасағаны үшін сот әкімшілік жаза тағайындады. Қазір құқықбұзушы Астана қалалық полиция департаментінің әкімшілік қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- делінген хабарламада.



