Астанада қонақүй өртенді (ВИДЕО)

Бүгін, 10:16
Айман Нығмет Айман Нығмет
Астанада қонақүй өртенді (ВИДЕО)
фото: ТЖМ

Кеше түнде елорданың «Алматы» ауданындағы Аскар Тоқпанов көшесінде орналасқан 3 қабатты ғимаратта өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

ТЖМ мәліметінше, өрт өршіп кетіп, салдарынан үшінші қабаттың төбе жабыны құлаған.

«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өрт сөндіру штабын құрып, қызыл жалынды өшіру үшін су үздіксіз жеткізіліп, бірнеше су құрылғысы іске қосылды. Өрт күшейіп кеткендіктен, сөндіру жұмыстары қою түтін мен қатты ыстықтың салдарынан қиынға соқты. Дегенмен ТЖМ қызметкерлері жоғары дәрежеде жұмыс істеді»,- делінген хабарламада. 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жанып жатқан ғимараттан 5 метр қашықтықта орналасқан көршілес коттеджге өрттің таралуына жол берілмеді. 

фото: ТЖМ

Өртті сөндіруге 100-ден астам жеке құрам мен 30-ға жуық бірлік техника жұмылдырылды. 

«Өрттің алдын ала ауданы 800 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда»,- делінген хабарламада.