Абайдың 180 жылдығы: Ұландық сарбаздар жоғалған балаларды тапты

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен
Ұлттық ұлан сарбаздары Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын атап өту кезінде жоғалған балаларды тапты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқиға Абай облысы Қарауыл ауылында ақынның 180 жылдығына арналған мерекелік іс-шара болды. Мерекелік іс-шараға жүздеген тұрғын мен қонақ жиналған сәтте Ұлттық ұланның патрульдік тобына жергілікті тұрғын жүгініп, 11 мен 9 жастағы балаларын жоғалтып алғанын хабарлады.
Бұл күні әскери жасақ қоғамдық тәртіпті қадағалап, ауыл тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрді. Балалардың жоғалғаны жөнінде хабар алған сәтте-ақ олар халықтың көптігіне қарамастан дереу іздестіру жұмыстарын бастады.
Әскерилердің шұғыл әрекетінің арқасында балалар аман есен әрі жылдам табылды.
Ұқсас жаңалықтар

25 қыркүйек, 2025
Украинада қазақстандық азаматтарды алдаған қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

25 қыркүйек, 2025
Комитет ресейлік БАҚ-та жарияланған ұшқышсыз ұшу аппараттарына қатысты ақпаратты жоққа шығарды

25 қыркүйек, 2025
Amir Capital компаниясының ісі бойынша 10 млн доллардан астам криптоактив бұғатталды

23 қыркүйек, 2025
Павлодар облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты (ВИДЕО)