«Абай өлеңдері әлем тілдерінде» атты халықаралық челлендж өтіп жатыр


Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай өлеңдері әлем тілдерінде» атты халықаралық челлендж өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жобаның мақсаты – Абай мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен насихаттау және көпұлтты қауымдастық арасында қазақ мәдениетіне деген қызығушылықты арттыру.
Челленджге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілер, жетекші шетелдік ұлттық кітапханалар мен балалар кітапханаларының басшылығы, этномәдени орталықтар өкілдері, белсенді оқырмандар қатысты.
Іс-шара барысында этнос өкілдері ақын шығармашылығына деген құрметін білдірді.
Челлендж аясында Абай Құнанбайұлының өлеңдері қазақ, орыс, поляк, неміс, беларусь, армян, моңғол және үнді тілдерінде оқылды.



