00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда бюджетін бөлуге терең және принципті түрде қараймыз – депутат Кендебай Адамбек

2 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Елорда бюджетін бөлуге терең және принципті түрде қараймыз –  депутат Кендебай Адамбек
Фото: спикердің жеке мұрағатынан

Астана қаласы мәслихатының депутаты, бюджет, экономика, өнеркәсіп, кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссия төрағасы Кендебай Адамбек Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған экономика, бюджет пен басқа да қаржылық мәселелер туралы пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Саяси күз тақаған сайын Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын өз басым тағатсыздана күтемін.  Себебі Жолдау алдағы жылға еліміздің дамуына бағдар береді. Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп, кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссия төрағасы ретінде жоғарыдағы салаларға арналған Президенттің ұсыныстары мен тапсырмаларына тоқтағым келеді. Ақша - несие мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою туралы Мемлекет басшысы басып айтты. Өте құптарлығы, банктер туралы жаңа заң қажеттігі. Банк несиелері – өте жоғары екені жалған емес. Банктердің ел экономикасына көбірек қаржы құятын уақыты келді», - деді халық қалаулысы.

Мәслихат депутаты жаңа Салық кодексі туралы да пікір білдірді.

«Бюджетті орындаудағы қиыншылықтар да айтылды. Бюджет сауын сиыр еместігін түсінетін кез келді. Сондықтан елорда бюджетін бөлу кезінде бұрынғыдан да терең және принципті түрде қараймыз. Жаңа бюджет кодексі мен салық кодексінен көп үмітіміз бар. Биыл біз Бюджет кодексінің, келесі жылы Салық кодексінің жаңа жобалары қабылданар деген үміттеміз. Қаржы министрлігіндегі, Мәжілістегі жұмыс тобы мүшесі ретінде өз ұсыныстарымды бердім. Фискалды реформаның табыстылығына арналған салықтық әкімшілендіруді жаппай цифрландыруды тездету керек. Бұл жерде кәсіпкердің де елі мен халқының алдында адалдығы, жауапкершілігі жоғары болғаны абзал», - деді Кендебай Адамбек.