Астанада Шыңғыс Айтматов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды

Бүгін, 11:07
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Шыңғыс Айтматов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Айтматов көшесіндегі Сығанақ көшесінен бастап Ж.Моладағалиев көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осыған байланысты 22-25 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдары тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастыралатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», - делінген хабарламада.