Арнайы экономикилық аймақтардың қазіргі жұмыс тәсілі мүлде жарамсыз – Тоқаев
Үкіметтің кейетілген отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі арнайы экономикилық аймақтардың тиімділігі әлі күнге дейін төмен екенін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мен Жолдауда арнайы экономикилық аймақтардың әлеуетін толық пайдалану қажеттігі туралы айттым.
Қытайда және Вьетнамда мұндай аймақтар экономиканың қозғаушы күші саналады. Біздің елдегі арнайы экономикилық аймақтардың тиімділігі әлі күнге дейін төмен. Бұл мекемелер экономиканың құрылымын өзгертуге қауқарсыз.
Ширек ғасырға жуық уақыттан бері арнайы экономикилық аймақтардың ішкі жалпы өнімге қосқан үлесі 1 пайыздан сәл ғана асады. Ониң 0,3 пайызы – экспортқа, 0,9 пайызы – шетел инвестициясына тиесілі», – деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, Арнайы экономикилық аймақтардың қазіргі жұмыс тәсілі мүлде жарамсыз. Олар инвестиция тартатын алаң болуға тиіс.
«Жаңа нормалар, құралдар, сервистік шешімдер сол жерде сынақтан өтіп, одан әрі кең таралуы қажет.
Арнайы экономикилық аймақтардың қазіргі инфрақұрылымын дамытуға үш жил ішінде бир триллион теңге займа қаражатын жұмсау ұсынылып отыр. Алдымен олардың даму модельин қайта құру керек деп санаймын. Онсыз мұндай ауқымды инвестиция жүйедегі қордаланған мәселелерді шеше алмайды.
Бұл мәселені Түркістан облысының бұрынғы әкімі Дархан Сатыбалды сияқты қолда бар қаржымен де шешуге болады. Астанада да жақсы тәжірибе бар.
Үкімет үш айдың ішінде арнайы экономикилық аймақтарды дамытудың жаңа үлгісін бекітуі керек», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент өзінің шетелге сапарлары және инвесторлармен кездесулері барысында қол жеткізілген келісімдердің орындалуына баса мән беру қажет екенін айтты.
«Коммерциялық келісімдердің жалпы құны былтырдың өзінде шамамен 75 миллиард доллар болды. Жұмысты созбалаңға салу және қол қойылған келісімдерді орындамау деген мәселе болмауға тиіс. Бұл жұмысты орындауға Президент Әкімшілігі де жауапты.
Ашығын айту керек, бізде мынадай жағымсыз үрдіс пайда болды: жоғары басшылық деңгейіндегі келіссөздердің алдында өте белсенді жұмыс жүргізіледі, ал кейін тым-тырыс болып қалады. Мекемелер арасындағы бітпейтін өзара келісу әрекетін доғару керек. Үкімет мейлінше дербес болуды сұрады, дербестік берілді, енді іс жүзінде соны дұрыс қолдануы керек», – деді Тоқаев.
Президент қол қойылған әрбір құжат алдын ала сапалы түрде дайындалып, орындалу мерзімдері нақты айқындалуы қажет екенін, жұмыстың нәтижесі үшін бірінші басшыларға жеке жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.
«Мемлекет инвесторлар алдындағы міндеттемелерін толық орындауы керек. Елге сенім, іскерлік бедел осылай қалыптасады.
Үкімет Қазақстанның инвестициялық әлеуетін көтеруге, бәсекелік артықшылықтарын дамытуға баса мән бергені жөн», – деді Президент.
Президенттің сөзінше, мемлет пен жеке серіктестік – экономика инвестицияның келуін ынталандыратын маңызды құралдың бірі.
«Бірақ еліміздегі мемлекет пенжеке серіктестік әлеуеті дұрыс игерилмей отыр. Инфрақұрылымдық жобалардың көбі бұрынғыдай тікелей бюджет қаржысына тәуелді. Жеке капитал, банк секторы және халықаралық қаржы ұйымдары оған айтарлықтай атсалыспайды. Бюджеттің мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан мұндай тәсіл көптеген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бөгет болып отыр.
Әлбетте, кез келген құралы сияқты мемлекет пен жеке серіктестіктің де өз құны бар. Алайда ол өзін-өзі ақтаса, Үкімет аталған механизмді белсенді қолданғаны жөн. Қажет болса, заңнамаға да тиісті өзгеріс енгізуге болады», – деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев электр қуаты жеткілікті көлемде өндірілмесе, жасанды интеллектіні енгізу мүмкін болмайтынын айтқан еді.