«Астана Опера» ұжымы жаңа Конституцияның қыр-сырын түсіну үшін сарапшымен кездесті
«Астана Опера» ұжымы жаңа Конституцияның қыр-сырын түсініп, оның ережелерін күнделікті өмірде қолдануды үйрену үшін сарапшылармен кездесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң баптарын зерделеп, оны көпшілікпен қатар түсіну, сондай-ақ оның ережелерін жұмыста да және өмірде де дұрыс қолдану міндетін іске асыру басшылық тарапынан жасалған маңызды қадам болды. Опера және балет әртістерінің сахнадағы өз заңдылықтары, ал әкімшілік қызметкерлерінің өз жұмыс кестесі бар болып көрінгенімен, ортақ құқықтық кеңістіксіз театрды үйлесімді басқару да, қызметкерлердің құқығын қорғау да, мемлекетпен өзара іс-қимылдың айқын ережелерін орнату да мүмкін емес.
Кездесуге шақырылған Астана қалалық мәслихатының депутаты, AMANAT партиясының мүшесі Сәуле Самидин күрделі болып көрінетін дүниелер туралы қарапайым тілмен әңгімеледі. Олар 15 наурыздағы референдум қазақстандықтардың өміріне қандай өзгеріс әкелгеніне және Конституция ережелерінің шынайы жағдайда қалай жұмыс істейтініне тоқталды. Кездесуде жұмысқа қабылдаудың маңызды мысалдары, шығармашылық қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері мен басқа да көптеген мәселе талқыланды. Осының нәтижесінде қызметкерлер құқықтық мәдениетті арттыру өзіңді және өз кәсібіңді қорғаудың құралы екенін түсінді.
Театр әкімшілігі хабарлағандай, кездесу ашық диалог форматында өтті. Жұмыскерлер еңбек құқықтары, шығармашылық қызметкерлердің қоғам алдындағы міндеттері және жаңа Конституцияның мәдениет саласы мен өнер қайраткерлерінің мәртебесін қалай қорғайтыны туралы сұрақтар қойды.
- Біз құқықты көбінесе қол жетпес дүние деп ойлаймыз, бірақ іс жүзінде күнделікті өмірімізде, мәселен гастроль туралы келісімшартқа қол қойғанда немесе өзіміздің шығармашылық құқығымызды қорғағанда оны білу қажеттілігімен бетпе-бет келіп жатамыз. Бұл кездесу біраз адамға Конституцияға жаңаша көзқараспен қарауға көмектесті. Ұжымның құқықтық мәдениетінің жоғары болуы жұмыс сапасына тікелей әсер етеді деп ойлаймын, - деп пікірімен бөлісті кездесу қатысушысы Әсел Өтекешева.
Еске сала кетсек, Мәжіліс жаңа Конституцияға байланысты Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді қабылдады.