Алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды

Бүгін, 16:13
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды
фото: Оңалхан Өнерхан

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 5 мамырдағы үкімімен борышкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Батыс Қазақстан облысы прокуратурасына сілтеме жасап. 

Сотта сотталғанның бір жылдан астам уақыт бойы кәмелетке толмаған баласын асырау жөніндегі сот шешімін орындаудан жалтарғаны анықталды. Нәтижесінде алимент бойынша 4 млн теңге көлемінде берешек қалыптасқан.
 
Бұған дейін борышкер осыған ұқсас құқықбұзушылық үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылып, алайда рақымшылық актісін қолдануға байланысты жазадан босатылған. Соған қарамастан, тиісті қорытынды жасамай, ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтаруын жалғастырған.
 
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Ағымдағы жылдың 4 айында Батыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты ҚК-нің 139-бабы бойынша 21 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде: 7 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған; 5 іс бойынша айыптау үкімдері шығарылған; қалған қылмыстық істер өндірісте.
 
Осыған байланысты прокуратура сот шешімін орындамау үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салады.