Сарайшық ауданында Ш.Қалдаяқов көшесінде салют атылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген полиция 19, 20 және 29 жастағы жігіттерді ұсытады, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оларға тыныштықты бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сонымен қатар, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша 19 жастағы Нұрмұхаммед Ерқанатұлына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Полиция азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтаудың және айналасындағылардың тыныштығына құрметпен қараудың маңыздылығын еске салады.
Еске салсақ, бұған дейін елордада досының үйлену тойында отшашу атқан жігіт 5 тәулікке қамалды.