649 сауда нысанындағы мерекелік жеңілдіктер бүгін аяқталады

649 сауда нысанындағы мерекелік жеңілдіктер бүгін аяқталады
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Бүгін, 27 қазанда Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары аяқталады. Қазақстандықтар тауарларды 50%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігін пайдаланып үлгере алады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, еліміздің барлық өңірін қамтыған акцияларға жалпы 649 сауда нысаны қатысып жатыр. Оның ішінде Republic Day акциясына 232 сауда-ойын-сауық орталығы, сауда орталығы мен сауда үйі, сондай-ақ 417 сауда желісі қосылған.

Мерекелік ұсыныстар сауда орталықтары мен сауда желілерінен бөлек, маркетплейстерде де қолжетімді.

Republic Day акциясы аясында киім-кешек, аяқ киім, тұрмыстық техника, үйге қажетті заттар және басқа да тауарлар арнайы бағамен ұсынылып жатыр.

Ал Bereke Fest акциясы азық-түлік, күнделікті тұтыну тауарлары мен тұрмыстық химия өнімдерін тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

Сауда және интеграция министрлігі акцияларды жергілікті атқарушы органдармен және аумақтық департаменттермен бірлесіп ұйымдастырған.

Ведомство мерекелік жеңілдіктердің бүгін аяқталатынын еске салды. Бұл ретте жеңілдік мөлшері, акцияға қатысатын тауарлардың түрлері мен сатып алу шарттары әр сауда нысанында әртүрлі болуы мүмкін.

Бұған дейін аталған акция аясында қанша үнемдеуге болатынын жазған едік.