Елордада досының үйлену тойында отшашу атқан жігіт 5 тәулікке қамалды

Бүгін, 17:36
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордада досының үйлену тойында отшашу атқан жігіт 5 тәулікке қамалды
фото: polisia.kz

Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған 25 жастағы жігіт 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға досының үйлену тойынан кейін болған. Жас жігіт мейрамханаға қарама-қарсы аумақта пиротехникалық бұйымдарды іске қосқан.

Отшашудың салдарынан жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінде тұратын азаматтардың тыныштығы бұзылған.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықты тіркеп, материалдарды сотқа жолдаған. Сот шешімімен 25 жастағы азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулік мерзімге қамауға алынған.

Еске салайық, бұған дейін 237 адам пиротехниканы елдімекенде қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы жаздық.