Балаларға сапалы білім алуға жағдай жасалып жатыр - министрлік

Бүгін, 13:56
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Балаларға сапалы білім алуға жағдай жасалып жатыр - министрлік
Фото: ОКҚ

Білім беру саласындағы қолжетімділік пен теңдікті қамтамасыз ету үшін елімізде инклюзивтік саясат халықаралық конвенциялар талаптарына сәйкес дамып келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова хабарлады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, «Білім туралы» ҚР Заңында білім берудің барлық деңгейлерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін арнайы жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік кепілдіктер регламенттелген.

«Бүгінде жалпы білім беретін мектептердің 90%-дан астамында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Сонымен қатар, қала және ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты азайту және өңірлерде балаларды сапалы білім алу үшін лайықты жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында «Келешек мектебі» желісі құрылды. Бүгінгі күні 460 орынға арналған 217 мектеп пайдалануға берілді.

Еске салайық, бұған дейін елімізде балаларды қолдау жүйесі күшейіп келе жатқаны туралы жаздық.