Қазақстан мен Қытай автотасымалға арналған рұқсат бланкілерін шектеусіз алмасады

Бүгін, 14:53
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан мен Қытай автотасымалға арналған рұқсат бланкілерін шектеусіз алмасады
Фото: Көлік министрлігі

Бейжің қаласында Халықаралық автомобиль тасымалдары жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық делегацияны ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы бастап барды. Делегация құрамына ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдері де кірді.

Отырыс барысында тараптар халықаралық автомобиль тасымалын дамытуға қатысты өзекті мәселені талқылады. Атап айтқанда, рұқсат беру жүйесін жетілдіру, шекара маңы инфрақұрылымын дамыту және жолаушы тасымалы бағыттарының желісін кеңейту мәселелері қаралды.

Кездесуде тараптар жыл соңына дейін шетелдік рұқсат бланкісін сандық шектеусіз беру форматына көшуге келісті.

Сонымен қатар қазақстандық және қытайлық тараптардан «Нұр жолы» өткізу пунктінің өткізу қабілетін арттыру мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, осы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін WeChat Pay төлем сервисі арқылы ақылы автомобиль жолдарында жол жүру ақысын төлеу функционалын енгізу жоспарланып отыр. 

Тараптар халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендігін білдірді.

Еске салсақ, Астана мен Мәскеу арасында жүргізушісіз жүк көлігі автобағыты іске қосылды.