Сауран көшесі бойындағы ішкі жолдар уақытша жабылады
Инженерлік желілерді жүргізу жұмыстарына байланысты алдағы 1-30 маусым аралығында Астана қаласындағы Сауран көшесінің бойындағы Алматы көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаскедегі ішкі жолдар толықтай жабылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
– Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарап, қала бойынша қозғалысты жоспарлау кезінде алдын ала ескерулеріңізді сұраймыз, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Астана – Павлодар тасжолында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын жазған едік.