Астана – Павлодар тасжолында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Бүгін, 15:55
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астана – Павлодар тасжолында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Видеодан алынған скрин

ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар Астана – Шідерті – Павлодар автожолында жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын таныстыру мақсатында баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Іс-шара барысында журналистер жол құрылысының қазіргі кезеңімен танысып, жасалып жатқан жұмыстардың сапасы мен қарқынын бақылады. Мамандардың айтуынша, жоба көлік қатынасын жақсартып, өңірлер арасындағы байланысты арттырып, қауіпсіз қозғалысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

«Орташа жөндеу жұмыстары аясында жалпы 415 шақырымның ақауы бар таңдамалы учаскелерінде жол төсемін жаңарту, жол жиегін нығайту, санитарлық-гигиеналық торап орнату және ақауларды жою мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар маңызды жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде 16 жол айрығы мен жол өткізгіштеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Ақмола облысы аумағында жаңадан 46 шақырымда қар ұстағыш қоршаулар орнатылатын болады», делінеді хабарламада.

Құрылыс жұмыстарына заманауи технологиялар мен сапалы құрылыс материалдары қолданылып жатыр. Компания мәліметінше, жоба өңірлер арасындағы логистикалық байланысты күшейтіп, жүк және жолаушылар тасымалының тиімділігін арттыруға ықпал етпек.

Еске салсақ, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов полиция балаларды тасымалдауды бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.