Ішкі істер министрлігі қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 634 дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz баспасөз баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, мемлекеттік шекара арқылы өтетін автокөлік өткізу пункттерінің маңында көлікке бақылау күшейтілді.
«Рейдтердің басты мақсаты - үлкен жол апаттарын алдын алу және жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерге заңсыз әкетудің жолын кесу», - деп хабарлады ІІМ.
Жыл басынан бері ел бойынша қосымша бактарды заңсыз орнатудың 634 дерегі анықталды. Тек соңғы тәулік ішінде тағы екі дерек анықталды.
Осыған орай полиция жүргізушілерді заңды сақтауға және көлеңкелі табыс үшін жолда өмірлерін қатерге тікпеуге шақырды.
Еске салсақ, полицейлер қыста жолға шыққанда көлікте болуы тиіс заттарды атады.