Астанада фермерлердің екі күндік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 30 және 31 мамыр күндері өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады.
Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдер, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер және басқа да тауарларды сатып ала алады.
Іс-шара 30-31 мамыр күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді.
Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға жақын маңнан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағыттағы автобустар қатынайды.
Еске сала кетейік, Астанада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай III Халықаралық клоундар фестивалі өтеді.