Елімізде қолөнер шеберлері үшін грант бағдарламасына өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Бүгін, 16:57
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елімізде қолөнер шеберлері үшін грант бағдарламасына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Фото: Сұлтан Сейіт

Қазақстанда қолөнер шеберлеріне арналған грант бағдарламасына өтінім қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомстводан хабарлағандай, креативті индустрияларды дамыту қоры дәстүрлі қолөнер мен ұлттық өнерді сақтау, дамыту және шеберлердің шығармашылық бастамаларын қолдауға бағытталған «Халық қолөнері және бейнелеу өнері мектебі» жобасын бастаған еді. Жоба аясында қолөнер шеберлеріне 5 млн теңгеге дейін грант бөлінеді.

«Гранттар ұлттық қолөнердің сирек кездесетін әрі ұмытылып бара жатқан түрлерін меңгерген шеберлерге беріледі. Жоба ұлттық өнердің тамырын үзбей, шеберлердің тәжірибесін жас буынға дәріптеуді және креативті индустрияның дамуына жол ашатын шығармашылық орта қалыптастыруды көздейді, делінген министрлік хабарламасында.

Грант иегерлері атанғандар арнайы білім беру бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Бағдарлама шеңберінде олар оқушылар мен жастарға арнап шеберлік сағаттары мен тәжірибелік сабақтар өткізеді.

Өтінім 31 мамырға дейін электронды форматта қабылданады. Ол үшін https://forms.gle/WVgqgQhLW77dEnJi7 сілтемесі арқылы өтіп, портфолио ұсыну қажет. Қатысушылар портфолионы Instagram парақшасына сілтеме, бейнетаныстырылым, PDF-презентация, дайын жұмыстардың фотосуреттері немесе жүзеге асқан жобалар тізімі форматында ұсына алады.

Еске салсақ, креативті индустрияларды дамыту қоры ұлттық қолөнер шеберлерінен өтінім қабылдайды.