Креативті индустрияларды дамыту қоры ұлттық қолөнер шеберлерінен өтінім қабылдайды

Бүгін, 20:48
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Креативті индустрияларды дамыту қоры ұлттық қолөнер шеберлерінен өтінім қабылдайды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстанда «Ұлттық қолөнер және бейнелеу өнері мектебі» жобасы іске қосылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Креативті индустрияларды дамыту қоры ұлттық қолөнер шеберлерінен өтінім қабылдау басталғанын мәлім етті. Жоба қазақ халқының сирек кездесетін және ұмыт бола бастаған қолөнер түрлерін сақтау мен дамытуға бағытталған.

- Жобаға жойылып кету қаупі бар, сақтауды және одан әрі дамытуды қажет ететін сирек кездесетін әрі бірегей қазақ қолөнері түрлерінің өкілдері – киіз және тоқыма өнері, былғары өңдеу, зергерлік өнер, ұлттық музыкалық аспап жасау, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қатыса алады.

Іріктеуден өткен шеберлер жоба аясындағы білім беру бағдарламаларына қатысады, - делінген хабарламада.

Өтінім қабылдау 31 мамырға дейін жалғасады. Қатысу үшін профильдегі сілтеме арқылы электронды форманы толтырып, портфолио ұсыну қажет. Портфолионы Instagram-парақшаға сілтеме, бейневизитка, PDF форматындағы презентация, жұмыстардың фотосуреттері немесе жүзеге асырылған жобалардың тізімі секілді форматтардың бірінде ұсынуға болады.