Астанада ТЖД Жедел құтқару жасағында ашық есік күні өтті

Бүгін, 20:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада ТЖД Жедел құтқару жасағында ашық есік күні өтті
Фото: Астана қаласы ТЖД

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағында ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Балаларды қорғау күніне орай өткен іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлады.

Іс-шара барысында құтқарушылар балаларды авариялық-құтқару техникаларымен, арнайы құрал-жабдықтармен, сүңгуірлік жарақтармен және кинологиялық қызметтің жұмысымен таныстырды.

Сонымен қатар қызметкерлер судағы құтқару тәсілдері бойынша шеберлік сабағын өткізіп, балаларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.