Бибігүл Жексенбай Азия елдері қазақтарының Кіші құрылтайына қатысты

Бибігүл Жексенбай Азия елдері қазақтарының Кіші құрылтайына қатысты
Фото: Бибігүл Жексенбай

Токио қаласында Жапониядағы қазақ қауымдастығының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Жапониядағы елшілігі мен «Отандастар қоры» КеАҚ қолдауымен Азия елдері қазақтарының Кіші құрылтайы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай қатысып, құрылтайдың пленарлық отырысында сөз сөйледі.

Өз баяндамасында сенатор Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың шетелдегі қандастарға арналған ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізді.

Бибігүл Жексенбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдегі қазақтармен байланысты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау және тарихи Отанмен рухани байланысты күшейту бағытындағы бастамаларына ерекше тоқталды.

Сенатор өз сөзінде қазақ тілін сақтау, шетелдегі қазақ жастарының тарихи тамырмен байланысын нығайту, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту, Азия елдеріндегі қазақ қауымдастықтарының өзара ықпалдастығын арттыру мәселелерін көтерді.

Сондай-ақ Бибігүл Жексенбай Азия елдеріндегі қазақтар кеңесін құру бастамасының маңыздылығын атап өтіп, мұндай алаңдар шетелдегі қазақ диаспорасының бірлігін күшейтіп, жастардың ұлттық құндылықтарға жақындауына ықпал ететінін айтты.

Құрылтай аясында мәдени мұраны сақтау, қазақ-жапон тарихи байланыстары, ұлттық тағам мәдениеті, дәстүрлі музыка және қазақ өнерін халықаралық деңгейде насихаттау мәселелері талқыланды.

Іс-шара барысында этно-мәдени концерттік бағдарлама, ұлттық қолөнер көрмесі, қазақ дәстүрлерінің таныстырылымы ұйымдастырылды.

Сенатор Жапониядағы қазақ қауымдастығының ұлттық мәдениет пен ана тілін сақтау жолындағы жұмысына жоғары баға беріп, шетелдегі қазақтардың Қазақстанмен байланысын нығайту – мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.