Қарағанды, Семей және Өскеменде қосымша қала маңы пойызы қатынайды

Қарағанды, Семей және Өскеменде қосымша қала маңы пойызы қатынайды
Фото: ҚТЖ

Жазда жолаушылар сұранысының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» компаниясы «Қарағанды – Балқаш», «Семей – Достық» және «Өскемен – Достық» бағыттары бойынша қосымша қала маңы пойыздарын тағайындайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

№220/219 «Қарағанды – Балқаш» пойызы

Пойыз 1 маусымынан бастап күн ара қатынайды. Жол бойында 19 аялдама қарастырылған.
Қозғалыс кестесі:
* Қарағанды станциясынан жөнелту — 06:00;
* Балқаш станциясына келу — 12:48;
* Балқаш станциясынан жөнелту — 13:45;
* Қарағанды станциясына келу — 20:53.

Пойыз құрамында 6 вагон бар: 2 купе және 4 плацкарт вагон. Жалпы сыйымдылығы — шамамен 300 орын.

№457/458 «Семей – Достық» пойызы

Пойыз 3 маусымынан бастап күн ара қатынайды. Пойыздың жүру бағыты бойынша 22 аралық станцияда тоқтауы көзделген.
Қозғалыс кестесі:
* Семей станциясынан жөнелту — 16:04;
* Достық станциясына келу — 10:55;
* Достық станциясынан жөнелту — 12:35;
* Семей станциясына келу — 06:02.

Пойыз құрамында 7 вагон бар: 2 купе және 5 плацкарт вагон. Жалпы сыйымдылығы — шамамен 354 орын.

№459/460 «Өскемен – Достық» пойызы

Пойыз 3 маусымнан бастап күн ара қатынайды. Пойыздың жүру бағыты бойынша 22 аралық станцияда тоқтауы көзделген.
Қозғалыс кестесі:
* Өскемен станциясынан жөнелту — 15:20;
* Достық станциясына келу — 11:05;
* Достық станциясынан жөнелту — 12:35;
* Өскемен станциясына келу — 07:22.

Пойыз құрамында 7 вагон бар: 2 купе және 5 плацкарт вагон. Жалпы сыйымдылығы — шамамен 354 орын.