Header Banner

Халық кеңесі мен этномәдени бірлестіктер мемлекеттік тіл мәселесін талқылады

Бүгін, 14:32
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Халық кеңесі мен этномәдени бірлестіктер мемлекеттік тіл мәселесін талқылады
Фото: Қазақстан Халық Кеңесі

Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Қазақстандық азаматтық бірегейлік: мемлекеттік тілдің бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі» тақырыбында республикалық семинар өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Халық Кеңесі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс-шараны Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік комитеті мен «Қазақстандық дүнгендердің этномәдени бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Семинарға мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері қатысты.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақ тілі» қоғамының X Құрылтайындағы мемлекеттік тілді дамытудың стратегиялық басымдықтары талқыланды. Қатысушылар мемлекеттік тілдің қоғамдық келісімді нығайтудағы, азаматтық бірегейлікті қалыптастырудағы және қоғамды топтастырудағы рөлін кеңінен талқылады.

Сондай-ақ жастарға патриоттық тәрбие беру, көптілді білім беру, қазақ тілін күнделікті қолданысқа кеңінен енгізу, азаматтық қоғамның қатысуы мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды. Семинар аясында ақын, прозашы әрі педагог Зухра Парсаның «Күріш қағазындағы өлеңдер» атты поэзиялық жинағының тұсаукесері өтті.

Іс-шара қорытындысында мемлекеттік тілді ілгерілету бағытында мемлекеттік органдардың, қоғамдық институттар мен этномәдени бірлестіктердің өзара іс-қимылын күшейту және сындарлы диалогты жалғастыру қажеттігі атап өтілді.